Парламент • 10 Қаңтар, 2020
Мәжіліс депутаты А.Мурадов маңғыстаулықтармен кездесті
Сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат А.Мурадов Достық үйінде этномәдени бірлестік төрағалары және МО ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында депутат А.Мурадов Парламент мәжілісінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат берді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабаралды.
Үкімет • 10 Қаңтар, 2020
Ержан Жылқыбаев АӘК тағайындаудың жаңа тетіктерін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Бәйдібек, Сарыағаш, Қазығұрт және Созақ аудандарының, Кентау және Түркістан қалаларының Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (бұдан әрі – ХЖҚО) барып, атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдау барысымен танысты және халыққа оны көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 10 Қаңтар, 2020
Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы тексерілді
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Маңғыстау өңіріне іссапары Мұнайлы ауданынан басталды. 250 ауысымға арналған емхана 117 000 халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы 378 149 адамға қызмет көрсетілген. Бүгінде 1877 адамның сақтандырылған мәртебесі анықталмай отыр. Оның бірден-бір себебі тұрғындардың тіркелген мекенжайда тұрмауы немесе көшіп кетуінен болып отыр. Десе де, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында «Халықаралық стандарт талаптары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жобалау» тақырыбында семинар өтті.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020
Кендірліде су тұшыту зауыты салынбақ
«Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары) Жаңаөзен қаласының әкімдігімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.