Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті

923 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында «Халықаралық стандарт талаптары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жобалау» тақырыбында семинар өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті

Университеттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлер мен студенттерді жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу және түсіндіру шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ведомствоаралық өзара әрекетті дамытуды мақсат еткен іс-шараны «ISO енгізу агенттігі» консалтингтік компаниясының директоры Анатолий Бандуро жүргізді.

Ректор Такир Балықбаев аталған семинардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, қысқы мектеп аясында өтетін оқу семинарлары барысына тоқталды. Оның негізгісі  «Халықаралық стандарт талаптары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жобалау» семинары деп атап өткен ректор Мемлекет басшысының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің алға қойған міндеттерін толығымен қолдай отырып, оларды іске асыру үшін студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетті қалыптастыру бағытында жасалатын жұмыстар жайына тоқталды. Университетте бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес, «Парасат» орталығын құрдық, тиісті комиссия жұмыс істейді. Бұған қоса, «Халықаралық ISO стандарттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» енгізілуде: 51 адам арнайы оқудан өтетін болады. Басшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бұдан әрі осындай шаралар оқытушылар мен студенттер арасында жүргізілетін болады.

1

Биыл тағы бір маңызды қадам жасалды. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және университеттің «Академиялық адалдық» кодексін сақтау мақсатында студенттер мен оқытушылар құрамынан тұратын мониторинг тобы құрылды. Емтихан барысында «Академиялық адалдық» кодекс ережелерін бұзған және жемқорлық фактілеріне жол берген студент университеттен шығарылады. Сессияның қорытындысы бойынша оның нәтижелері анықталып, тиісті шаралар қабылданатын болады. Университет жемқорлық күрес бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыратын болады».

Семинар барысында Анатолий Бандуро ISO заңнамалық базаның нормативті өлшемдері мен стандартталған талаптары туралы айтты. Сонымен ISO 37001: 2016 халықаралық стандарты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, ISO стандартының құрылымына талдау жасау, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру, жүйені және оның процестері мен элементтерін жобалауға қойылатын талаптарды күшейтеді. Сондай-ақ халықаралық ISO стандарттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құрудың 4 кезеңі - жүйелік талаптарды қалыптастыру; СЖҚМЖ құру; СЖҚМЖ талаптарға сәйкестігін тексеру; үздіксіз жетілдірумен СЖҚМЖ жұмысы туралы айтылды.