Медицина • 10 Қаңтар, 2020

Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы тексерілді

286 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Маңғыстау өңіріне іссапары Мұнайлы ауданынан басталды. 250 ауысымға арналған емхана 117 000 халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы 378 149 адамға қызмет көрсетілген. Бүгінде 1877 адамның сақтандырылған мәртебесі анықталмай отыр. Оның бірден-бір себебі тұрғындардың тіркелген мекенжайда тұрмауы немесе көшіп кетуінен болып отыр. Десе де, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы тексерілді

Сондай-ақ бүгінде орталық емханада мамандар тапшылығы сезіліп отыр. Атап айтқанда 23 дәрігер жетіспейді. Ал емхана құрамында 7 дәрігерлік-амбулатория және 4 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы жұмыс жасайды. Барлық елді-мекенді қамтылған, оның ішінде Атамекен, Қызылтөбе, Батыр, Баянды, Дәулет, Басқұдық және Маңғыстау.

Бұдан кейін Олжас Әбішев Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығына барып, дәрігерлерімен жүздесті және мекеменің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне дайындығын тексерді. Орталық директоры Жамал Жаманбаева материалдық-техникалық жабдықталуы мен дәрігерлердің дайындығы жағынан жан-жақты жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғандығын тілге тиек етті. Маңғыстау өңірі республикада туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Өткен жылы өңірде 20000 жуық бала дүинеге келген.

Олжас Әбішев «Нейрон» емханасында да болды. Мекеме директоры Нина Самаликованың айтуынша, бүгінде «Нейрон» емханасында тіркелген халық саны 19191. Оның ішінде балалар саны - 6474, ересектер саны - 12444. Жүкті әйелдер - 253. Ресми тіркелген 19191 тұрғынның барлығы сақтандырылған. Емхана электрондық жүйемен жұмыс жасайды, компьютерлік техника 100 пайыз орнатылып, ғаламтормен толықтай қамтылған. Барлық қызметкерлер МӘМС бойынша оқытылып, тестілеуден толықтай өткен, орта пайыз 98,2 құрайды. Емханада өткен жылдың қараша айында IV категория бойынша жедел жәрдем бөлімі ашылды. Онда 2 автокөлік, мамандырылған 12 қызметкер жумыс жасайды.

Ақтау қалалық № 1 емхана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыстарды бастап кетті. Емхана директорының міндетін атқарушы Елдеш Қосмағамбетов, негізгі басым бағыттар әрбір тұрғынды қамти отырып, толыққанды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу болып табылатындығын айтып өтті. Ал вице-министр Олжас Әбішев болса медициналық сақтандырудың әрбір аспектісі кеңінен түсіндірілсе ғана, белгілі бір нәтижеге қол жекізуге болатынын айтады. Сондықтан да осы жұмыстарды әлі де болса жандандыра түсу қажет.

Ақтау қаласындағы 4 мекеме және Мұнайлы ауданындағы орталық емхана жұмысымен танысқан Олжас Әбішев, облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашевтың қатсуымен өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың отырысына қатысты.