Әлем • 09 Қаңтар, 2020
Таяу Шығыс: жағдай шиеленісіп барады
АҚШ пен Иранның қарым-қатынасы одан әрі нашарлай түсті. 8 қаңтар күні таңға жуық Иран тарапы Ирактағы АҚШ-тың бірқатар әскери базасын баллистикалық ракетамен атқылаған. Иран бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, әуе соққысы генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу мақсатында жасалған.
Президент • 09 Қаңтар, 2020
Популизм теріс тенденция ретінде дүниежүзілік сипат алды - Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай шығармаларында меритократия мәселесіне айрықша мән берілгенін жазды.
Президент • 09 Қаңтар, 2020
Президент: Билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғанын жазды.
Саясат • 09 Қаңтар, 2020
Мемлекет қазынасының тең жартысы әлеуметтік бастамаларға жұмсалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы болған әлеуметтік бастамалардың жалғаса беретінін баса айтқан болатын. Тіпті бірқатар бастаманы межеленген мерзімінен ертерек қолға алуға тапсырма да берді. Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін, Үкіметтің әлеуметтік төлемдер көлемінің артуына назар аударуы тиіс екенін атап өткен-ді. Президент тапсырмаларын орындау үшін биыл республикалық бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік блокқа арналып отыр. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылы жүзеге асырылатын әлеуметтік бастамалардың жайын түсіндірді.
Президент • 09 Қаңтар, 2020
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі №5 санында жарық көрген мақаласында осылай деді.