Ауыл • 04 Қаңтар, 2024
«Мырзакент» мақта зауытының Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. Жалпы құны миллиард теңгені құрайтын, АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тонна. Бірақ шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты биыл 40 мың тонна мақта қабылдаған.
Шаруашылық • 04 Қаңтар, 2024
Балық шаруашылығы – Маңғыстауда кең қанат жаймаса да, өзіндік тыныс-тірлігі бар сала. Өңірдегі 169 балық бригадасында 811 балықшы бар. Балық аулауға арналған 33 аймақ Түпқараған мен Қарақия аудандарында орналасқан. Балық шаруашылығында түйткілді мәселе де бар. Сол себепті өңірдегі балықшылар мәселелері, саладағы кадр тапшылығы өңірлік кәсіпкерлер палатасында арнайы ұйымдастырылған семинарда талқыланды.
Кәсіпкер • 04 Қаңтар, 2024
«Атамекен» ҰКП Атырау облыстық филиалы кәсіп бастағысы келетіндер арасында бірнеше жобаны іске асырып келеді. Сондай жобаның бірі – «Кәсіпке бағыт». Бұл жобаға қатысқан 57 адам үш ай білімін жетілдіріп, кейбірі өз ісін бастады.
Шымкент • 04 Қаңтар, 2024
Шымкентте жаңа гүлзар ашылды. Кезінде шағын саябақ болған аумақ 90-жылдары жекенің қолына өтіп кетіп, ол жерге сауда орындары жайғасқан болатын. Бұл дүңгіршектер мен сауда, тіпті бірнеше қабатты сауда ғимараты жанында тұрған көпқабатты үй тұрғындарына тегі қолайсыздық тудыратын. Қаланың Әл-Фараби ауданы әкімдігіне қарасты осы аумақты қайтадан бұрынғы «Спутник» шағын саябағы ету жөнінде тұрғындар шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековпен болған есепті кездесуінде өзекті мәселе ретінде көтерген еді.
Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Кейінгі жылдары елімізге алыс-жақын шетелдерден түрлі әншілер жиі келе бастады. Бір жағынан қуантарлық жаңалық. Енді ше, бұрынғыдай емес шартараптың түкпір-түкпіріндегі өнер иелері Қазақ елін тани бастады деген сөз.