Технология • 28 Қаңтар, 2022
Astana Hub резиденті әлемнің үздік MedTech жобаларының ондығына енді
Cerebra отандық стартабы денсаулық сақтау технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы – капиталдандырылуы шамамен 144 млрд долларға жеткен Medtronic компаниясының деректері бойынша медициналық жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең инновациялық жобалардың ондығына енді. Компанияның 150 елдегі өкілдіктерінде 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022
Байлығы – білім, еңбегі – ғылым, өнегесі – ілім
Бүгінде қазақ мұнайының жүз жиырма жылдан астам тарихын барласақ, қазақ жерінде мұнай өндірісінің қалыптасуына және дамуына еңбек сіңірген мыңдаған отандасымыз тәуелсіз еліміздің гүлденуіне, экономикалцық қуатына негіз болып отырған мұнай өндіру саласының «Алтын кітабын» өздерінің ерен де даңқты еңбектерімен өшпестей етіп жазды.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Үржар ауданының Көлденең ауылдық округіндегі «Юбилейный» ЖШС-і ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Серіктестік соңғы үш жылда ауданға 8 млн теңгеден астам инвестиция тартты. Мамырбек Қарашев жетекшілік ететін серіктестіктің 7 мыңнан астам гектар жерінің басым бөлігі егістік болса, 2 мың гектары – шабындық пен жайылым.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты ақын, халқымыздың болмысы бөлек бірегей тұлғаларының бірі Кәкімбек Салықовтың туғанына тоқсан жыл толды. Осыдан он жылдай бұрын дүниеден озған айтулы азаматтың өзі жоқ болса да, өмірдегі ізі, сабырлы мінезі, ел дегенде елеңдеп тұратын елгезек қасиеті, жақынға жанашырлығы жадымнан өшкен емес. Қайта, жыл өткен сайын ол кісіні сағынып есіме жиі аламын.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Алматыда айы-күні жетіп отырған Талшын есімді келіншек Жаңа жыл қарсаңында тайып жығылып, ауыр жағдайда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген еді. 27 желтоқсанда болған бұл жағдайды одан кейінгі оқиғалар ұмыттырды.