Оқиға • 09 Қаңтар, 2023
Балконнан құлаған қызды құтқарып қалды
Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйдің ең жоғары қабатынан құлап кеткен қызды патрульдік полиция қызметкері құтқарып қалды. Бесінші қабаттан құлап келе жатқан қызды қағып алмақ болып, құшақ жайып, кеудесін төсеген полицей аяғы зақымданып, бірнеше жерінен жарақат алған. Ал биіктен құлдилаған қалпы тәртіп сақшысының үстіне құлаған қыз аман-есен.
Руханият • 09 Қаңтар, 2023
Тарих қалай тіл қатса, біз де солай сөйлейміз. Қайран, Мамания мектебі! Қазақ баласына алғаш әліппе үйреткен әулие шаңырақ. Алаштың алыптарына ақуыз білім беріп, ақтолқын жылдардың азабын көтерген топырақтың бүгінде шаңы шығып жатыр. Қасиетіне қазақ бойлай алмады, әй бойлай да алмас... Тек есті естелік қана Маман байдың мәртебесін менмұндалайды. Сондай бір өнегелі деректер «Ақсудың Алтынсарині» атанған Бұғытай Айсеркеновтің күнделігінде қатталған екен. Ендігі сөз сол жайында.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Қуатты армия тірегі – берік тыл
Қарулы күштердің жауынгерлік қабілеті тылының берік, әскери инфрақұрылымының заман талабына сай дамуына тікелей байланысты. Бес қаруы сай, киім-кешегі бүтін, азық-түлігі құнарлы әскер жауынгерлік дайындықтан өзгеге көңіл бөлмесе керек. Сол себепті материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласы мамандарының арқалаған жүгі ауыр, жауапкершілігі салмақты. Осы қызметтің өзіне тән ерекшелігі мен қыр-сыры жайлы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласовпен әңгімелескен едік.
Ауа райы • 09 Қаңтар, 2023
Ақ қоянның ұзын құлағы қылтиып көрінгені сол еді, Керекуде ақ түтек боран күшіне мінді. Қаңтардың 3-інде басталған бұрқасын бара-бара күшейіп, өткен аптаның сейсенбі мен сәрсенбі күні көптеген көлік күре жолда қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдай қызметінің ескертуіне құлақ аспай сапарға шығып, жолда тұрып қалған жолаушылар жылыту пункттеріне орналастырылды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2023
Қазақстанның саяси тарихында қара дақ болып қалған қаңтар қасіретін Мәжілісте екінші рет кең ауқымда талқыладық. Бұл ешқашан өшпейтін, қазақ жастарының жадында жаңғырып тұратын, бәлкім мәңгі сақталатын ауыр оқиға.