Білім • 09 Қаңтар, 2023
Маман даярлау: ізденіс пен іркіліс
Білім беру саласындағы терең, жан-жақты зерделенбеген сынақтар салдары қордаланған мәселеге ұласып, шешілу жолдары әлі күнге дейін тығырыққа тіреліп тұр. Нақты айтқанда, еліміздегі білім беру жүйесі жиі реформалар жүргізілетін сынақ алаңына айналған.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Сарсаңға түскен жолаушы алдындағы жауапкершілік кімнің мойнында?
Қазақстанда ауа райының құбылуына байланысты пойыздардың жарты сағатқа, кейде 1-2 сағатқа кешігуі бұрыннан болып тұратын. Бірақ 2022 жылдың күзінен бері теміржол көлігінің кідіруі шектен шығып кетті. Мәселен, қараша, желтоқсан айларында елорда вокзалына бірнеше пойыз кемі 3 сағатқа кешігіп келіп жатты. «Орал – Алматы», «Астана – Алматы», «Астана – Шымкент» бағытының пойыздары да жолаушыларды әбден ығыр қылған.
Медицина • 09 Қаңтар, 2023
Күту парағы – екі жылда донорлық ағзаға зәру 558 пациент көз жұмды
Талқылауға да, төрелік айтуға да ең ауыр тақырыптың бірі донорлық ағза мәселесі дер едік. Қаншама жерден қайырымды, ізгі адам болсаңыз да, кенеттен қайтыс болған жақын адамыңыздың ағзасын өмір мен өлім арасында жатқандарға беруге дәтіңіз жете ме? Яки жеке өз басыңыз осындай өсиет қалдыра аласыз ба? Ислам діні бұған қандай пәтуа шығарады? Трансплантологияға қатысты заң тетіктерінде түйткілдер бар ма? Ойлаудың өзі – ауыр. Алайда мұндай тағдыршешті қадамға бару үшін донорлық ағзаға мұқтаждықпен күні өтіп жатқан жандардың азабы туралы тереңірек білуге тура келеді.
Руханият • 09 Қаңтар, 2023
Кеңестік «жылымықтан» кейін кеңес одағы халқы еркіндікті ептеп сезіне бастады. Сол тұста Мәскеуде оқитын ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған жастар Мұрат Әуезовтің төңірегіне топтасты. Бәріне себепші ұлы Мұқаң болса керек... Әкесімен хат жазысып, пікір алыс барысында Мұрат Мұхтарұлы көп толғанды. Ол қазақтың дамымай, тарих толқынынан жағаға шығып қалу себептерін іздеді. Ұлтының тарихын білуге ұмтылды. Қоғамның саяси жүйедегі өзгерістерден тыс қалып отырғанын зерттеді.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2023
Сенатор Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті.