Депутат Теректі ауданындағы жұмыс істеп тұрған аудандық емхананың жағдайымен танысты. Ондағы жабдықтар түгелімен тозған, ал ғимараттың өзі 50-жылдары салынған және қазір жөндеу мен жаңартуды қажет ететіні туралы хабардар болды. Сенатор медициналық мекеменің жаңа ғимаратын салуға қаражат бөлу мәселесін республикалық деңгейде көтеру жөнінде ниеті бар екенін атап өтті.
«Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жаңа әлеуметтік нысандар құрылысын салу және республикалық бюджеттен нысаналы трансферт түрінде қаржыландыру мәселелерін шешуге жәрдемдесу қажет», деп атап өтті Ләззат Рысбекова.
Сенатор сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесіне жаңа ғимарат, Теректі және Бәйтерек аудандарында біркелкі өрт сөндіру деполарын салу мәселелерін талқылады. Сенатор сонымен қатар депутаттармен бірлесіп кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді де талқылады.
Ләззат Рысбекова облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар Сенат депутаттары Серікбай Трұмов пен Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болды. Сенаторлар Маңғыстау ауылын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысының барысымен, сондай-ақ Қызылтөбе ауылдық округінде 1200 орындық газ құбыры мен мектеп құрылысымен танысты.
Мемлекеттік мектеп құрылысының салынуы үш ауысымдық оқыту мәселесін жеңілдетуге көмектеседі. Жұмыс жоспар бойынша 2024 жылы аяқталуға тиіс.
«Мемлекет «Жайлы мектеп» жобасын әзірлеген болатын. Бұл жоба мектептердің жетіспеушілігін толығымен шешетін болады. Сондықтан құрылыс мерзімдерін сақтау және жұмыстың жоғары сапасын сақтау аса маңызды. Осыған байланысты жергілікті әкімдік пен тиісті мемлекеттік органдар тарапынан осы мектептің құрылыс барысына қатаң бақылауды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар», деп атап өтті сенатор Серікбай Трұмов.
Сенаторлар Ақтау қаласындағы «Қазатомөнеркәсіп – МАЭК» ЖШС мекемесі мен «Каспий» су тұщыту зауытының жұмыстарымен танысты.