Саясат • 28 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.
Баға • 28 Қаңтар, 2025
Таразда да картоп бағасы қымбат
Бірнеше күн бұрын еліміздің өзге өңірлері секілді Жамбыл облысында да картоп бағасы қымбаттап кетті. Жұрт күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктің бірі болғандықтан, жергілікті халық бағаның аспандап кеткеніне налығаны анық. Ел көкейіндегі түйткілді шешудің маңызын түсінген жергілікті атқарушы билік бірден іске кірісіп, картоп бағасының төмендеуіне ықпал етті.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Өңдеу өнеркәсібін дамыту өзекті
Taldau Talks подкастының кезекті шығарылымына өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі арқау болды. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Шымкент • 28 Қаңтар, 2025
Жол сапасына мән бермегендер жазаланды
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалы былтыр жол құрылыстарын тексеру мақсатында 843 рет нысандарға шығып, сараптама қорытындысымен 228 ақау мен кемшіліктерді анықтаған. Оның 178-і қалпына келтірілсе, қалғаны әлі орындалып жатыр. Сараптама барысында 1 494 жол-құрылыс материалы іріктеліп алыныпты. Мамандар 621 сынаманы нормативтік талаптарға сәйкес келмейді деп тауыпты. Осындай сапасыз жол-құрылыс материалдары бойынша қазір сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Спорт • 28 Қаңтар, 2025
Жеңіл атлетикадан әлемдік сайыс басталды
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes сайысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Халықаралық бәсеке Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл дүбірлі дода жеңіл атлетикадан ғимарат ішіндегі әлемдік турдың бір кезеңі екенін атап өткен жөн.