Медицина • 28 Қаңтар, 2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында өңірдегі ауылдарда 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Жыл басында тағы осындай екі нысанның құрылысы аяқталды.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Майдангерлерге 5 млн теңге беріледі
ХХ ғасырдың ең қанқұйлы оқиғасы – Екінші дүниежүзілік соғыс, басқа да әскери ұрыс-қимылдарына қатысқан майдангерлер мен олардың артында қалған жұбайларына әлеуметтік көмек түрлері жан-жақты көрсетіліп келеді.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік нысан салынып, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетінін айтқан болатын. Яғни 4 миллионнан аса ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ Президент медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударуды, мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тартуды тапсырды.
Маман • 28 Қаңтар, 2025
Елімізде медицина қызметкерлерінің тапшылығы өзекті мәселеге айналғалы қашан. Астананың іргесінде орналасқан Ақмола облысында да осындай мәселе бар. Кадр зәрулігін шешуге бағытталған бірқатар талпыныс болғанымен, түйткіл түбегейлі шешімін таппай отыр. Жергілікті бюджеттен болашақ дәрігерлерді дайындауға бөлінген гранттар ұзақ жылдан бергі түйінді шеше ала ма?
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Репетиторға сұраныс азаймай тұр
Заман талабы, нарық ықпалы, әйтеуір кейінгі кезде репетиторға жүгінетіндердің қатары мол. Үлкендер жағы мектеп жасындағы ұрпақ-зәузәтінің пайдалы білім алуы жолында ештеңені аямайды екен. Ішіп-жемнен үнем қылса да, киім-кешектен жырымдаса да сұраған соманы артық қиындықсыз тауып бере алады екен. Өйткені кәрісі де, жасы да баланың оқуына кеткен ақша күндердің күнінде еселеп қайтады деп біледі. Содан да болар, тап қазір қосымша білім беру орталықтарының айы оңынан туып тұр. Бәрі жөн, бәрі құп. Тек «жалдамалы мұғалімге сұраныстың артуы мектептегі білім беру жүйесінің әлсіздігін көрсетпей ме?» деген заңды сауал ойландырады. «Оқушы дәл сол білімді мектеп мұғалімінен де алуға құқылы емес пе?» деген сұрақ толғандырады.