Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Майдангерлерге 5 млн теңге беріледі

56 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ХХ ғасыр­дың ең қанқұйлы оқиғасы – Екінші дү­ние­жүзілік соғыс, басқа да әскери ұрыс-қимылдарына қа­тыс­қан майдангерлер мен олар­дың артында қалған жұбай­ларына әлеу­мет­тік көмек түрлері жан-жақты көр­сетіліп келеді.

Майдангерлерге 5 млн теңге беріледі

Биыл адамзатты тарихында өшпес із қалдырған Екін­ші дүниежүзілік соғыстың аяқтал­ға­нына 80 жыл толады. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы ма­­териал­дық көмек беру жоспарланып отыр.

Ресми дерекке сүйенсек, 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдайға сәйкес елімізде Екін­ші дүниежүзілік соғыстың 120 арда­гері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Олардың ішінде: қор­шаудағы Ленинград тұр­ғындары – 67 адам, конц­лагерьлердің бұрын­ғы кәме­летке толмаған тұт­­қын­дары – 139 адам, соғыс кезінде ауыр жараланған, контузиясы бар, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар, сол себепті қайтыс болған ардагерлердің жұбайлары – 743 адам, соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесір­лері – 2 адам, тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.

«Ардагерлер мен тыл еңбек­кер­леріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының бас­ты басымдықтарының бірі. Қарт­тарды әлеуметтік қорғау іс-шаралары орталық дең­гей­де де, жергілікті дең­гейде де жүзеге асырылады. Бірін­­шіден, зейнетақы, өзге де әлеу­мет­тік төлемдердің мөл­шері жыл сайын артып келеді. Аза­маттардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбек­керлері, ақталған азаматтар, т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнау­лы мемлекеттік жәрдемақы беріледі», деп жазады Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің баспасөз қыз­меті.

Ресми орындардың берген мәліметіне сәйкес, биылғы 1 қаң­тардағы жағдай бо­йынша, Екінші дүниежүзілік соғыс­қа қа­тыс­қандарға, зейнет­ақы­ларын ескере отырып, ай са­йын берілетін әлеуметтік төлем­дер­дің жиынтық мөлшері – 262 334 теңге, Екінші дүние­жү­зілік соғыс кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүге­дек­тігі бар адамдар үшін – 279 330 теңге.

Бұған қоса ардагерлерді әлеу­меттік қолдаудың қосым­ша түрлері де бар. Мәсе­лен, олардың барлығы әске­ри қыз­метшілерге көрсе­тілетін құқықтар мен кепіл­дік­терге ие. Салық салу жөнінен жеңілдіктерді пайдаланады. Оларға Астана, Алматы қала­ла­рындағы мамандан­ды­рыл­ған госпитальдарда білікті ме­дициналық көмек көрсе­ті­леді, санаторий-курорт­тық емдеу ұсынылады. Сонымен қа­тар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек жыл са­йын беріледі.

«Облыстарда, республи­ка­лық маңызы бар қалаларда биыл Жеңіс күнінің 80 жыл­ды­ғын мерекелеу құрме­тіне 120 соғыс ардагерінің әрқай­сысына 5 млн теңгеден бір­жолғы ма­те­риалдық көмек көрсе­ті­ле­тін болады», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлік хабарламасында.

Биылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша елімізде 85 203 ардагер тұрады. Былтыр арда­гер­лердің аталған санаттарына жиыны 16,7 млрд теңге жәр­дем­ақы берілсе, биыл 17 млрд теңге қарастырылды.

Мәселен, бұл жеңілдіктер соғыс ардагерлеріне – 16 АЕК (62 912 теңге), соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (Екінші дүние­жү­зілік соғыс кезеңінде жара­қат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер жөнінде теңес­тірілген адамдарға) – 7,55 АЕК (27 875 теңге), Екін­ші дүниежүзілік соғыс қатысу­шы­ларына теңестірілген тұлға­ларға – 6,19 АЕК (24 339 теңге), басқа мемлекеттердің аума­ғын­дағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысу­шылар) – 6,19 АЕК (24 339 теңге), тәжік-ауған учас­кесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітім­гершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этнос­аралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге – 4,8 АЕК (18 874 теңге), Екін­ші дүниежүзілік соғыс жыл­дарындағы тыл еңбек­кер­леріне 2,13 АЕК (8 376 теңге) мөлшерінде қарастырылған. 

Соңғы жаңалықтар

Тамыры терең туынды

Басылым • Бүгін, 09:30

Әлемдік брендпен әріптестік

Өндіріс • Бүгін, 09:15

Ағайынды Төрехановтар

Тарих • Бүгін, 08:50