Әдебиет • 28 Қаңтар, 2025
Әдеби шығармалар неге оқылмайды?
Кейде маған біздің жазып жүргеніміз өзімізді өзіміз тығырыққа тірейтін әдебиет емес пе деген күдік келеді. Кейінгі қазақ прозасына шолу жасап көрсеңіз, оған көптеген мысал табуға болады. Шер-шеменіңізді шеңбектеп тастайтын шерулі әдебиеттің бүгінгі халі еріксіз алаңдатады.
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. 13 қаңтарда басталған тестілеуді 2 аптада 79 мыңнан аса адам, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 203 талапкер (оларға қосымша 40 минут беріледі) тапсырған. Тестіленушілердің 30 пайызы шекті балл жинай алмаса, 111 адамның нәтижесі жойылған.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Қызылорда облысында қазірде қай салада да айтарлықтай өсім бар. Аймақ бюджеті өсті, инвестиция тарту жөнінде де өңір көп облыстан көш ілгері тұр. Осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болатын облыс бюджеті қазір 750 млрд теңгеден асты. Қазына қаражаты аймақтағы өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.
Өнер • 28 Қаңтар, 2025
Сурет әлеміндегі кейіпкердің жан дүниесінен хабар беріп, айшықты образ ретінде көрерменнің көңіл пернесін дөп басатын дүние карикатура болса керек. Бастауын көне заманнан алатын карикатураны кейіпкерін келемеждеу мен кемсіту деп түсінбеген абзал. Автор өз кейіпкерін таңдауда тынбай еңбектеніп, мінез-құлқын, бітім-болмысын танытуға зер салса, онда шығарманың көптің көңілінен шығатыны сөзсіз.
Таным • 28 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Оқушы ойлап тапқан жүйе
Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Айсұлтан Диханбай құқықбұзушылықтың алдын алатын тың жүйе ойлап тапты.