Өнер • 28 Қаңтар, 2025

Қарындаш қалжыңы

134 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сурет әлеміндегі кейіпкердің жан дүниесінен хабар беріп, айшықты образ ретінде көрерменнің көңіл пернесін дөп басатын дүние карикатура болса керек. Бастауын көне заманнан алатын карикатураны кейіпкерін келемеждеу мен кемсіту деп түсінбеген абзал. Автор өз кейіпкерін таңдауда тынбай еңбектеніп, мінез-құлқын, бітім-болмысын танытуға зер салса, онда шығарманың көптің көңілінен шығатыны сөзсіз.

Қарындаш қалжыңы

Өткен ғасыр­дың 90-жылдары су­рет­­ші Еркін Нұразхан мен ақын Жарасқан Әбдіраш сомдап шы­ғарған ақын-жазу­­шы­лар образы көңілге нық бекігені белгілі. Жа­рық көрген «Әзі­лің жарасса» жинағын­да сурет пен сөз астасып егіз ұғым үстегені тағы аян. Қазақ карикатурасын сөз еткенде Еркін Нұразханды, Айдарбек Ғазизды ай­на­лып өтпесіміз бел­гілі жайт. Біз жан әле­міне үңілгелі отырған ке­йіпкер де осы таны­мал суретшілердің шығармашылық шуағын бар жұлын-жүй­кесімен сезінген Нұрбосын Оқасов. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде ұстаз­дық қызмет атқаратын оның өмір тынысы сурет болса, соның ішінде кейіпкерінің кескін-келбетін келістіре кестелейтіні карикатура.

пр

Нұрбосын Серікқазыұлы 1982 жылы мектепті бітіре сала сурет, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі деген мамандыққа түсу мүмкіндігіне қол жеткізе алмай, ауылына қайтады. Сол жылы аудан орталығы Ақсуат ауылындағы көркемсурет шеберханасында бас суретшінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Осы кезеңде өзі қызығатын, алайда қыр-сырын терең ұғына қоймайтын әлемге шым батты. Кәсіби суретті меңгерген мамандардың ізін басып, білгенін көңілге тоқып, ізденіп әжептәуір шыңдала түсті. Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін 1992 жылы Семей­дегі Н.Крупская атындағы педагогикалық институттың көркем­су­рет факультетін бітіріп, кәсіби маман ретінде еңбек жо­лын техника­­­­лық және кәсіп­тік білім ­саласынан бас­та­­ды. Содан бері 33 жыл ­бо­йы арман-аң­сары адас­тыр­май, қыл­қаламның құді­ре­­тіне терең бойлады. Көбіне таби­ғат ли­ри­ка­сының көр­кін ке­ліс­тіріп картина са­лып жүр­генімен, кари­ка­тураны ұдайы серік етіп келеді. Ба­сында құрбы-құр­дас­тарына қалжыңдап, со­­лардың мінез-құл­қын астарлап сурет са­ла бас­тады. Бірді-екі­лі шы­ғар­масын атақ­ты суретші Еркін Нұразхан ағасының ал­дына тосып, ақ бата­сын алды.

«Жалпы алғанда, әзіл суреттер адамның ішкі жан дүниесін, оның бас­қа да жақсы қасиетте­рін әйгілеп тұрады. Өз кейіп­керіңнің келбетін келістіру үшін оны жан-жақты зерттеуің керек. Бет әлпетін, атқаратын қызметін, мінез-құлқын, қимыл-қоз­ғалысын бақылап, кемшілігін көріп, артықшылығын аңдаған дұрыс. Шынын айту керек, көбінесе бет-пішінінде айрықша белгілері бар жандардың суретін салған оңайға түседі», дейді суретші.

пр

Суретші Нұрбосын Оқасовтың алғашқы суреттері 90-жыл­дардың аяғында көпшілік арасына тарай бастады. Оқу орнында жүргенде қатарластарымен әзілдесіп, бір-бірінің бет әлпетін әзілге айналдыратыны суретшінің шығармашылығын шыңдай түсті. Осыдан екі-үш жыл бұрын сыныптастарымен кездесіп, ерекше сезімге бөленген шығармашылық иесі құрдастарының кескін-келбетіне жылдар салған белгіні көріп, ой қамап, қылқаламына қол созды. Соның әсерінен туған бірнеше суретті айналасы жылы қабылдапты.

Суретші карикатурадан бөлек портреттерді салуға да құмар. Пейзаждар салуды жаны қалайтын суретші оған көп уақыт керек еке­нін айтады. Суретші қа­лай болғанда да өзінің көңі­ліне жақын суреттер салып, келе­шекте кең кө­лемді көр­месін ұйым­дас­тыр­ғысы келеді. Сыр­лы су­реттер сериясын са­лу үшін көп еңбек пен аз­да­ған еркіндіктің ке­рек еке­­нін айтады. Ол өзінің шарж­­дары мен күлкі үйі­ре­тін карикатурала­ры­на «Қа­­рындаштар қал­жы­ңы» деп ат қо­йыпты. Шын мәнінде, жора-жол­дас­тар ара­сын­да әзіл-ос­пақ ар­қылы бас­тал­ған бұл суреттер бү­­­гінде үл­­кен өнердің бас­­тау бұла­ғын­дай кө­­рер­­­­менін бау­рап келеді.

 

Семей