Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Шандор Ковач Қазақстандағы сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті
Мемлекеттік жиналыстың (Парламент) депутаты, «Қазақстан – Венгрия» Достық тобының мүшесі, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковач жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматыда сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты пікірімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Sailau Talks-2021: Қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің пікірі қандай?
Қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер Парламент сайлауының ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін және сайлаудың маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі хабардар болып отырдым. Бұрынғыға қарағанда партиялардың белсенділігі, ортақ мәселелерді шешу бағытындағы ізденістері ерекше екендігі байқалады. Бұл өте дұрыс, өйткені, партиялар арасында бәсекелестік күшейген сайын олар елге жақын болуға тырысады, жаңа идеялар ұсынып, оны орындауға ерекше мән береді. Жергілікті жұртпен етене араласатын мәслихат депутаттарының да партиялық тізім бойынша сайлануы олардың ел алдындағы жауапкершілігін еселеп арттыра түседі.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Ұлан Рысқұл: Ел дамуына диванда жатып емес, дауыс беріп үлес қосайық
«Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы, Қазақ күресінен күміс кубок иегері Ұлан Рысқұл Алматы облысындағы сайлау учаскелерінің біріне келіп, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Бұл сайлаудың қоғамның саяси өміріндегі маңызы ерекше. Осы жолғы енгізілген басты ерекшелік – "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілгені болып отыр. Өз басым жастарға жол бергеніне қуанамын. Бұл олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізетіні сөзсіз.