Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018
Орал қаласында жаңа мектеп ашылды
Орал қаласының іргесіндегі Деркөл кентінде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1 434,1 млн. теңге мемлекет қаржысына көтерілген мектеп ғимараты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. «Альтаир» құрылыс компаниясы құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айында бастаған еді. Міне, бір жыл ішінде 6 корпустан тұратын сәулетті ғимарат дайын болды.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018
Өскеменде 8 мұзайдын жұмыс істеп тұр
Өскемендегі «Алтай» стадионында футболшылар ала жаздай доп теуіп, ойын көрігін қыздырса, қыс бойы қала жұртшылығы осында келіп коньки тебеді. Мұндағы мұзайдыны биыл қаңтар айында ашылыпты.
Егер елдің есінде болса, 2000 жылы Қазақстан, Ұлыбритания мен АҚШ-тың арнаулы қызметі халықаралық ауқымда ауыр киберқылмыс жасады деп, жерлестеріміз Олег Зезев пен оның заңгері Игорь Яримакты Лондонда тұтқындаған болатын. Бұл оқиғаны көзіқарақты оқырман ұмытпаған да болар. Өйткені бұл сол кезде ең атышулы «хакерлік іс» ретінде қаралды.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018
Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде әулиеаталық азаматтың «Қазақваген» көлігін жасағаны туралы жазылған болатын. Қарапайым қойшының бұл жетістігі бір күнде оны өнертапқыш ретінде танытты.
Руханият • 25 Қаңтар, 2018
«Әлем жауынгерлерінің» қолтаңбасы
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде «Біз жасаймыз!» жастарға білім беру көркем жобасының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Әлем жауынгерлері» атты көрме есігін келушілерге айқара ашты. Көрмені музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаев залда орын алған әрбір шығарманың келушілер көкейіне сұлулық сәулесін ұялата алатынын сыр етіп жеткізді.