Руханият • 08 Қаңтар, 2021
Қазақстан халқы Ассамблеясы Христос Рождествосымен құттықтайды
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы православие христиандарын және барша қазақстандықтарды жарқын мереке – Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтайды!
Пікір • 08 Қаңтар, 2021
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласынан ойға түйген нәрсе көп.
Пікір • 08 Қаңтар, 2021
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жаңа жылмен бірге келген жақсылықтың жаршысы іспетті болды. Өйткені былтырғы жыл әлем үшін, оның ішінде Қазақ елі үшін ауыр жыл болды.
Әлем • 08 Қаңтар, 2021
Қытайдың стратегиясы АҚШ одақтастарын біріктіреді
Биыл халықаралық аренадағы екі бірдей маңызды оқиға әлем назарын өзіне аудартып отыр. Біріншісі – АҚШ президентінің ауысуы. Бұған дейін төрт жыл ел басқарған Дональд Трамп күтпеген шешімдерімен шартарапты шарқ ұрғызған еді. Оның Париж келісімінен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу жөніндегі қадамы халықаралық қоғамдастықты алаңдатты. Осы орайда, демократиялық көзқарастағы Джо Байденнің Ақүй тізгінін ұстауы әлем үшін ақжолтай жаңалыққа айналды. Екіншісі – бір жыл бойы жер-жаһанды әбігерге салған коронавирусқа қарсы вакциналар әзірленіп, жаппай қолданысқа ене бастауы. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында жарық көрген «Қытайдың стратегиясы Американың одақтастарын біріктіреді» атты мақалада авторлар Ақүй тізгінін ұстаған Джо Байденнің негізгі міндеті туралы ой қозғайды. Олардың пайымдауынша, жаңа президент өзінің одақтастарын біріктіріп, Қытайдың күшейіп бара жатқан геосаяси ықпалымен күресуге тиіс. Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ана Паласио өз мақаласында 2020 жылға шолу жасай отырып, өткен жыл тарих қойнауына қалай енеді деген сұраққа жауап іздейді. Автордың айтуынша, халықаралық қоғамдастық өткеннен сабақ алса ғана «індет жылы» өзгеріс кезеңіне айналмақ. Айта кетейік, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Коронавирус • 08 Қаңтар, 2021