Өнер • 27 Қаңтар, 2022
Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының жанынан «Шалқыма» атты дәстүрлі ән-жыр үйірмесі ашылды. Мұнда қатысушылар домбырамен қатар қыл қобызды да үйрене алады.
Футбол • 27 Қаңтар, 2022
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Альберт Ақбалықов пен Шыңғыс Есенаманов Нидерландта өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі шешуші матчқа қатыса алмайды.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Коронавирустық шектеулерге байланысты жүздесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов шақырылды.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Жазылғандарға қарағанда жұқтырғандар көп
Алматыда 25 қаңтарда коронавирус инфекциясына 2 126 адам шалдықты. Соған қарамастан, мегаполисте карантиндік шектеулер біртіндеп алынып жатыр. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, дерттің тәуліктік өсімі артып, қаңтар айының алғашқы аптасында – 1 025 жағдай, екінші аптада – 6 050, үшінші аптада – 13 133 жағдай тіркелді. Яғни індет осы айда 12,8 есе өсті.
Футбол • 27 Қаңтар, 2022
«Зениттің» «құдалығы» шынайы ма?
Футболдың есеп-қисабын жүргізетін CIES Football Observatory зерттеу компаниясының ұсынған мәліметі бойынша, 2021 жылы 15 қазақстандық футболшы шетел чемпионаттарында доп тепкен. 2019 жылғы жағдаймен салыстырсақ, әрине, бұл – жақсы көрсеткіш. Өйткені үш жыл бұрын небәрі 8 футболшымыз нәпақасын шетелден іздеген екен. Ал ең көп футболшысы шетел біріншіліктерінде ойнайтын ел – Бразилия. Футболды ұлттық ойын ретінде қарайтын оңтүстікамерикалықтардың 1 287 ойыншысы қазір шетел клубтарында доп теуіп жүр.