Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022

Ардагерлер ақыл қосты

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Коронавирустық шектеулерге байланысты жүздесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов шақырылды.

Ардагерлер ақыл қосты

Аймақ басшысы ардагерлердің ел бірлігін бекемдеп, жақсы істер ұйытқысы болып келе жатқанын атап өтті. Бұл кездесудің мақсаты алда атқарылатын жұмыстарды саралап, ортақ мәселелерді алдыңғы толқын өкілдерімен бірлесіп талқылау екенін жеткізді.

– Жыл басындағы дүр­белең­нен тұтастығымыз бен елі­міздің болашағына балта ша­была жаз­дады. Сындарлы ке­зеңде Мем­лекет басшысы жедел әрі батыл шешім қабылдап, халқымыз қатерден аман өтті. Пре­зидент 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында тәуелсіз мемлекетімізді одан әрі дамытудың жаңа мін­деттерін белгілеп, елімізде тарихи өзге­рістер кезеңі басталғанын мәлім­дегенін білесіздер. Басты мақсат – күш-жігерімізді біріктіріп, қиын­дықтарды еңсеру, қуатты жаңа Қазақстанды бірлесе құру. Осы ретте зиялы қауым өкілдеріне, ел алдында жүрген азаматтарға жүк­телер жауапкершілік жеңіл бол­майтыны белгілі. Қай кезде де үлкенін құрметтеп, ақсақалдардың айтқанын тыңдаған халықпыз. Сондықтан бірінші кезекте өзде­ріңізбен кең отырып кеңесіп, ал­дағы жоспарларымызды бір­лесе жүзеге асырсақ деген ниет­пен жиналып отырмыз, – деді Г.Әб­діқалықова.

Басқосуда медицина ардагері Тұрғанбай Маханов соңғы кездері ақсақалдар мен кейінгі толқын арасындағы сабақтастықтың ажы­рап кеткенін айтып, ұлттық құн­дылықтарды дәріптеуде Ақса­қалдар кеңесі мен Жастар орта­лығының жұмыстарын бір ар­наға тоғыстырып, жандандыру қа­жеттігін қаперге салды. Сондай-ақ діни тұрғыда бағытынан адасып жүрген жастарға рухани тәлім-тәрбие беру ісіне де жіті мән беру керегін атап өтті. Ал облыстық арда­герлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жастардың ой-са­насына әсер ететін түрлі ақпарат­тарға тосқауыл қойып, бірлік­ке үндейтін танымдық басқо­су­лар ұйымдастыру керек деген ұсы­нысын ортаға салды. Мем­лекет және қоғам қайраткері Биғали Қаю­пов технологиялық өзгерістер қоғамында өмір сүре­тін жастарды ашық әңгімеге шақырып, нақты әрекет­терге негіз­делген бастамаға қол­дау білдіруде барлық буын дайы­н болуы керек деген пікір қосты.

Жиын соңында облыс әкімі ортақ мәселелерді бірлесіп шешуде әрбір ұсыныс ескерілетінін айтып, зиялы қауым өкілдерін Президент ұстанымына қолдау білдіруге шақырды.

 а

 

Қызылорда облысы