Жастар • 26 Қаңтар, 2024
Жастар тәрбиесіндегі тың өзгерістер
«Тәрбие тал бесіктен» деп, адам бойындағы қадір-қасиетті шарана сәби сәтінен қалыптастыру әдебін алға тартқан халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз өз кезегінде бала бойына тәлім-тәрбие құндылықтарын жастайынан сіңдіру арқылы ұлтымыздың тұтастығы мен тектілігін сақтай білген. Қазақ халқында «тәрбиесіз» деген сөз ең ауыр ұғым болып қабылданады. Осы тұста әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың да тәрбиесіз берілген білімнің адам баласы үшін қайырымсыз екенін алға тартып өткені еріксіз ойға оралады.
Білім • 26 Қаңтар, 2024
ЕҰУ ғалымының өнертабысы World Summit Awards сыйлығының қысқа тізіміне енді
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымы Нұрзада Амангелдінің өнертабысы World Summit Awards әлемдік байқауының 2023 жылғы қысқа тізіміне енді. Бұл – БҰҰ беделді сыйлығының халықаралық сарапшылары тарапынан іріктелген жалғыз қазақстандық жоба. Байқауға барлығы 180-нен астам мемлекеттен инновациялық әзірлемелер ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті
23 қаңтар күні сағат таңғы 05:30 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында жүргізушісі жол белгілері талаптарын сақтамаған Volkswagen Touareg маркалы автокөлігін тоқтатпақ болған.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
Алматыда қай үйден пәтер алмаған жөн?
Әкімдік Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
Алматы полициясы жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтады. Құзырлы орган оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.