Заң мен Тәртіп • 25 Қаңтар, 2025
Жемқорлықпен күрес жалғаса береді
Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, оның алдын алу, заң үстемдігі мен жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған басты міндет.
Заң мен Тәртіп • 25 Қаңтар, 2025
«Қыз алып қашудың» жазасы қатаң
Әлем елдері дамудың даңғыл жолына түсіп, демократиялық саясатқа бағыт алып жатыр. Бұған сәйкес қоғам да жаңғырып, өркениеттер көшіне қадам басып келеді. Ал біздегі көзі ашық, көкірегі ояу жастардың арасында өткеннің жұрнағын өз ыңғайына қарап өзгертуге құмарлар бар. Әсіресе әйел құқығын қорғаудың маңызы арта түскен тұста қыз балалар қой секілді өңгеріліп, өзге үйдің босағасында «бас бостандығынан айырылып» жатыр. Былтыр Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мұндай қараңғылыққа тосқауыл қою қажеттігін қадап айтқан еді.
Саясат • 25 Қаңтар, 2025
Еңбек мәдениеті ұлықталуға тиіс
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Өңірге сапары барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Бұл ретте маңызды бағыттар бойынша Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысы ерекше мәнге ие екені айтылды.
Сараптама • 25 Қаңтар, 2025
Жаңа жыл ЕО-ның РФ банк саласына санкция енгізуімен басталды. G7 елдері Будапешт меморандумын жүзеге асыру мақсатында РФ-ға қарсы санкция салынатынын хабарлады. Осыған байланысты санкцияны айналып өту үшін көрші елдерде ашылған компаниялары да қарауылға ілінетіні айтылып жүр. 2024 жылы 20 желтоқсанда АҚШ-тың санкция жариялауы Ресей валютасын құнсыздандырды. Оның салдары біздің теңгеге де тигені жұртқа аян.
Баға • 25 Қаңтар, 2025
Апта басында көтерілген картоп бағасы Үкіметтен бастап қарапайым тұтынушыға дейін дүрліктірді. Картоп экспортына шектеу қойылды. Оған негіз де жоқ емес. Өзбекстан мен Ресейде картопқа сұраныс артқан көрінеді. Әйтсе де кенеттен туындаған қымбатшылықтың басқа да себептері бар.