Аймақтар • 25 Қаңтар, 2025
Энергия жинақтау зауыты ашылады
Жетісу облысында 2024–2030 жылдарға арналған құны 3,5 трлн теңге болатын инвестициялық портфель қалыптастырылған. Оның аясында 190 жоба қолға алынып, бірнеше жұмыс орны ашылады. Бүгінде жоспарланған жұмыстардың басы басталып, нәтижесін беріп үлгерді. Мәселен, көптен күткен жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Сөреде тұрмаса да, сұрағанға табылады...
Өткен жылдың 20 маусымда вейптерді елге әкелуге, өндіруге, сатуға, таратуға заңмен тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Заңға бағынбай, мұндай өнімдерді саудалағандарға жаза қарастырылған. Соған қарамастан, жастар арасында вейптерді заңсыз саудалайтындар тыйылмай тұр.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Көпбалалы отбасы қанша жәрдемақы алады?
Былтыр көпбалалы отбасыларға, наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы қамтылды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде болды. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде тисе, наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға, жалпы сомасы 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Қарғын суға жан-жақты дайындық
Былтыр көктемгі су тасқыны ел ішін қатты әбігерге салды. «Қырсық қырық есіктен қатар енеді» дегендей, қыстай қалың түскен қардың көбесі бірден сөгіліп, сай-саланы қуалаған қызыл судың ырық бермей кетуіне себепкер болды. Мамандар айтып келмейтін апат биыл да бас көтеруі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып жатыр.
Университет • 25 Қаңтар, 2025
Жоғары білім алуға 50 пайызға дейін жеңілдік
Президенттің «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» мен Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті меморандумға қол қойды.