Қоғам • 26 Қаңтар, 2016
Әріп терушіден – қайраткерлікке дейін...
Кезінде Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Одақтық мемлекеттік мақта инспекциясының Қазақстан бойынша уәкілі, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болған Мырзахан Пошановтың өткен өмір жолы бүгінгі жастарға жақсы тәрбие, үлкен мектеп. Қазақстанның көрнекті қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов, Нұртас Оңдасынов және Дінмұхамед Қонаевпен қоян-қолтық араласып, сыйласа білген де осы кісі.