26 Қаңтар, 2016

Азаттықты аңсаған Алтай батыр

590 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
IMG_0722Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және өлке тарихының өзекті мәселелеріне арналған «Азаттықты аңсаған Алтай батыр» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Кеш қонақтары «Тарихтан тағылым танытқан тұлға» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге өлкетану бөлімінің кітапханашысы Р.Табынбаева библиографиялық шолу жасап, автоматтандыру бөлімі­нің кітапханашысы А.Тржа­­но­ва кө­рермен назарына Ал­тай ба­тырға арналған фото-­слайдты ұсынды. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессоры, та­рих ғы­лым­дарының докторы Н.Абдол­лаев өз баяндамасында өлке­танушы ғалым Беркін Құр­манбековтің терең мазмұнды, ғылыми деректік жағынан өте күрделі «Алтай батыр» кітабының маңыздылығын айта келіп, бүгінгі әңгіме ар­қауы Алтай батырдың аңыз-­әңгіме емес, ірі тарихи тұлға еке­нін, оның талантты әскери қол­басшы болуымен қатар ойшыл, қара қылды қақ жарған би болғандығы туралы әңгімеледі. Байғанин аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, өлкетанушы И.Ермекбаев Алтай батырдың жерленген жерін анықтау қажеттігін айтты. Баяндама барысында Байғанин өңірі Терісаққан өзенінің бойындағы «Алтай қорымының» фото-слайдын көпшілік назарына ұсынды. Байғанин аудандық өлке­тану музейінің директоры Л.Жаулина Алтай батырдың ерлікке толы өмірі туралы айта келіп, сөз соңында Байғанин ауданындағы А.С.Пушкин атындағы мектепке Алтай батырдың есімін берсе деген ұсынысын жеткізді. «Алтай» совхозының бұрынғы директоры, еңбек ардагері Б.Кемешовтің айтуынша, атақты батырлардың қаза тапқан немесе жерленген жері сол батырдың есімімен аталады. Осыны ескерсек, «Алтай қорымы» батырдың атымен тегін аталмаса керек. Жиырма жылдан бері шешімін таппай келген бұл мәселеге бір нүкте қойып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көпшіліктің пікірімен санаса отырып, батырдың жатқан жеріне белгі орнатып, халық баратын қасиетті орын­ға айналдыру керек-ақ. Алтай батырдың ұрпағы, қажы, ауыл шаруашылығы ардагері С.Хұсайынов, Ақтө­бе облыстық мәдениет, мұра­­ғат­тар және құжаттама бас­қар­­масы басшысының мін­детін атқарушы Қ.Ермұқан қазақтың азаттығы үшін басын оққа байлаған батырлардың есімін жаңғыртып, ұлықтау бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұстанған еліміз үшін үлкен маңызды іс-шара екендігіне тоқталды. Қазақстанның Мәдениет қайрат­кері, ҚХА «Бірлік» ақсақал­дар кеңе­­сінің төрағасы Е.Құр­ман­бек қазақ тарих­шы­лары­ның ішінде жәрмең­келер тарихын алғашқы бо­лып жазған Беркін Құрман­бековтің өлке тарихына қатысты соның ішінде тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін айрықша атап өтті. Сондай көлемді еңбегінің бірі «Алтай батыр» кітабы оқырмандарды патрио­тизмге баулу, өз өлкесінің тарихын тану жолында таптырмас құрал боларын айта келіп, конференцияға атсалысқан баяндамашылар мен қатысушыларға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.  Балагүл БАКИЕВА, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі. АҚТӨБЕ.