Оқиға • 27 Қыркүйек, 2024

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде кабель өртеніп кеткен

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде электр панелі өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде кабель өртеніп кеткен

Фото: ТЖМ

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт алдын ала 20 погондық метр алаңда оқшауланған. Нақтыланған ақпарат бойынша, 2 және 6-қабаттар арасындағы кабель жанып кеткен.

Оқиға орнынан тұрғындардың эвакуацияланғаны хабарланды. Зардап шеккендер жоқ.