Фото: ашық дереккөз
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды.
Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскенін хабарлады.
Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына естелік мүсінше мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Одан бөлек ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлық табыстады.
Сондай-ақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Заң» газетіне де марапат бұйырды.
«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:
1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);
2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже («Астана ақшамы» газеті);
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
9. Үздік өңірлік БАҚ – «Наш Костанай» газеті;
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова («Омбы қазақтары» газеті);
11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).