Фото: freepik.com
Евгений Глотов Астана қаласының білім басқармасы қауіпсіздік жүйесіне инвестиция салу үшін бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Жыл соңына дейін барлық заң рәсімдерін аяқтап, барлық 109 мемлекеттік мектепті 2025 жыл ішінде бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау, дабыл және өрт түймелері тұрғысынан қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне жеткіземіз», деді ол.
Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, бейнебақылаулар Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылады.