Президент • 27 Қыркүйек, 2024

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

Фото: Ақорда

Лицейде жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі. Атап айтқанда, физика, химия, биология, математика және информатика пәндері бойынша сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Ұстаздар оқушылардың академиялық жетістіктеріне ден қояды. Нәтижесінде олар республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында және спорт сайыстарында үздік атанып жүр.

1727424005_KZ8_7602_2.jpg

Жыл басында жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, лицей-интернат Кентаудан Түркістан қаласына көшірілген. Қазір мұнда 500-ден астам оқушы білім алып жатыр.

Президент оқу және үйірме кабинеттерін, спорт залын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы еліміздің келешегі жас ұрпақтың қолында екенін айтып, олардың оқуда озат болуына тілектестік білдірді.

1727424023_KZ4_1014_2.jpg

Бүгінде Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 14 мың оқушыға арналған 29 мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бойынша істі болған тұлғалардан тәркіленген қаржыға өңірде 20 білім беру нысаны бой көтереді. Оның 13-і биыл пайдалануға берілмек. Жыл соңына дейін облыстағы 4 апатты және үш ауысымды 5 мектептің мәселесі толығымен шешіледі.

1727424050_KZ3_5161_2.jpg

1727424050_KZ3_5312_2.jpg

1727424050_KZ4_0909_2.jpg

1727424511_KZ8_7731_2.jpg

1727424511_KZ8_7755_2.jpg

1727424511_KZ8_7788_2.jpg

1727424511_KZ8_7811_2.jpg