Референдум 2024 • 27 Қыркүйек, 2024

Сенатор: Жергілікті тұрғындардың мүддесі ескеріледі

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Кеген, Нарынқол, Ақбейіт және Сарыжаз ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар атом электр станциясы жобасын жүзеге асырудың экологиялық және экономикалық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор: Жергілікті тұрғындардың мүддесі ескеріледі

Фото Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор атом энергетикасының артықшылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және оны еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұрақты әрі заманауи шешімі ретінде атап өтті. 

«АЭС жобасы жергілікті тұрғындардың мүддесі мен қажеттілігін толық ескере отырып жүзеге асады. Біз аймақтың экологиясын сақтаудың маңызды екенін түсінеміз, сондықтан қоршаған ортаға әсерді барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар, оның ішінде заманауи технология мен халықаралық қауіпсіздік стандарттары қабылданатын болады. Бұл ретте тұрғындар шетте қалмай, жобаны талқылауға белсене қатысады, сұрақтар қояды, өз ұсыныстарын білдіреді. Әрбір адам ашық және сындарлы пікірлесуге көмектесетін сенімді және айқын ақпаратқа қол жеткізе алады»,  деді Жанболат Жөргенбаев.