фото ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасының жалпы көлемі 319 миллион текше метрді құрайды.
Министрдің айтуынша, су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс.
«Кеңгір су қоймасы - аймақтағы негізгі су көзі. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз», деді министр Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы жөнінде сұрақтарын қойды.