Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019
Павлодарлық жастар ұлттық нақыштағы киімдер желісін таныстырды
Павлодардық жас дизайнерлер күнделікті өмірге ыңғайлы Kerbezz ұлттық нақыштағы киімдер үлгісін таныстырды. Авторлар жобаны бастағанда павлодарлықтар ұлттық стильдегі киімдерді кию үшін ерекше күнді күтпей, кез келген күні жұмысқа, аулаға, серуенге шыққанда киіп кете беретін үлгі жасауды көздегендіктерін айтады. KerbezZ брендінің негізін қалаған жас дизайнерлер Аида Бихиянова мен Айымгүл Қалиақпарова өз бұйымдарына барқыт пен шифонды қолданған.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019
Батыр анаға 4 бөлмелі үй берілді
Күні кеше елордада өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасының алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген 7 баланың анасы Жазира Тұрғынованы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады.
Іс-тәжірибе республикаға таратылады
Республикалық дарынды балаларға арналған «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесі облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернат базасында ашылды.
Қармақшылықтар соя егуді қолға алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов хабарлайды.
ҚазҰУ студенттері замандастарын Ұлттық жастар қозғалысын құруға шақырды
Мемлекет басшысының «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында айтылған ойлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен студенттік форумда талқыланды. Білім ошағының тәлімгерлері «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» ұлттық жастар қозғалысын құру туралы бастама көтерді.