Республикалық семинар мақсаты педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, ғылыми-әдістемелік қолдау арқылы білім сапасын қамтамасыз ету, Қызылорда облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру орталығының іс-тәжірибесін республикаға тарату.
Кеңеске республика бойынша аймақтық оқу-әдістемелік орталықтар мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталықтарының, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары қатысып, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмыстарымен танысты. Бүгінде оқу жүйесіне айтылып жатқан ескертпелер көп. Олқылықтар тәжірибе алмасуда азаяды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ