25 Қаңтар, 2019

Соя - сұранысқа ие дақыл

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қармақшылықтар соя егуді қолға алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов хабарлайды.

Соя - сұранысқа ие дақыл

Қармақшы ауданының халқы күріш дақылынан басқа да майлы дақылдарды, оның ішінде сояны өсіруге ден қойып отыр.

"Бұл суды аз талап ететін және нарықта сұранысқа ие болып отырған дақылдардың бірі. Биыл біз «Тұрмағамбет» ЖШС-і негізінде осы дақылды егуді бастаймыз", - деді С.Мақашов.

Қармақшы ауданы - ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Жағдайға орай, өткен жылдармен салыстырғанда суды көп қажет ететін күріш көлемі 359 гектарға азайтылды. Ал, жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға жеткізді.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында «Жаңажол» серіктестігінің құны 65,0 млн теңге болатын қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10