Сұхбат • 26 Қаңтар, 2024
Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті маман даярлау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты кезекті Жолдауында: «Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек. Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн. Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет» деп орынды атап өтті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы университеттің басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы, PhD Айжан ТЕМЕРБАЕВА айтып берді.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Вейп бейберекетіне жол берілмейді
Вейпке бөккен ортаның болашағы тұтас қоғамды алаңдатып отыр. Үдере ушыққан бұл келеңсіз үрдісті тек заңмен тоқтатудан басқа амал да жоқ. Күрделі мәселенің шешімі Парламентте айтылды. Осы аптада Мәжілісте қабылданған заң жобасына сәйкес вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға, таратуға тыйым салынады. Бұл заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Әскери ардагерлер неге алаңдаулы?
Соғыстың зардабы ауыр. Оның жеңімпазы да жеңіл өмір сүре алмайды. Тарих бетіне «бітімгершілер» деген сипатпен сіңіп бара жатқан тәжік-ауған ұрыс қимылдарының қатысушылары мехнатының бодауын сұрап жүр.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын Сарыарқаның сайын даласы. Белуардан келетін жасыл шалғын. Дархан дала төсінде бір үйір жылқы жайылып жүр. Жал құйрығы төгілген қазақы қасқа айғыр үйірден бөлініп қалған құлыншақты қақпайлап қоспақшы. Осы бір суретті көргенде көкшетаулық кәсіпкер Нартай Ысқақовтың жүрегі елжіреп кеткені. Алаш баласының төл малы – жылқы жарықтық та кейінгі ұрпағына жанашыр, қамқор екен ғой. Бұл суретті Кавказдағы «Қазақстан» санаторийінің ішінен көрген.
Спорт • 26 Қаңтар, 2024
Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командасы сегіз медаль жеңіп алды.