Олимпиада • 25 Қаңтар, 2024

Қола медаль үшін талас

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Канвон қала­сында өтіп жатқан IV қысқы жас­өспірімдер Олимпиадасында хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль үшін сынға түседі.

Қола медаль үшін талас

Атап айтсақ, кеше жартылай финалдық кездесуде (3×3) жерлестеріміз Латвияға қарсы мұзайдынға шығып, 6:19 (1:9, 2:3, 2:7) есе­бімен есе жіберді. Енді жерлестеріміз 3-орын үшін Аустрия құрамасымен кез­деседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құра­масы топтық кезеңінің жетінші ойнында Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шыққан еді. Сондай-ақ осыған дейін отандастарымыз Испания құрамасын – 14:4, Польшаны – 18:8, Тайбэйді 14:2 есебімен жеңсе, Аустрияға – 8:9 Латвияға – 11:15 және Данияға 6:8 есебімен жол берген еді.