Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018
Шолақсор ауылында аяз 43 градусқа жеткен
Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылында аяз 43 градусқа жеткен. Бұл жайлы бүгін өткен облыс әкімдігінің отырысында айтылды. Отырыста өңірдегі 40 градустық аязға байланысты жағдай талқыланды.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018
Астанада «Вокал сиқыры» атты концерт өтті
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында өткен «Вокал сиқыры» атты өнер кешінде әлемдік операның інжу-маржандары шырқалды. Париждік «Гранд Операда» Қазақстанның атынан алғаш рет өнер көрсеткен солист Майра Мұхамедқызы бұл жолы ұстаздық ұлағатымен жаңа биіктен көрінді. Олай дейтін себебіміз, қашан болсын жастарға қолдау көрсетуге әзір жүретін әнші өз қолымен жетелеп әкеліп, шәкірті Әйгерім Сәрсенованы қалың жұртшылыққа таныстырды.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018
Алматыдан Әл-Кувейтке дейін...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» дей келе, жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына айрықша мән беру қажеттігін айтқан болатын.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018
Ай Үркерге қарсы қарағалы күн қабағы қатулы. Ақ жамылғыға оранған даланы кәріне мінген аяз қариды. Үркердің ең шырқаған кезі. Сырма боран кезген сар далада сары аяз сақылдап күлгендей... Жер-дүниені тоңға айналдырған алапатына сүйсінген сары аяз сақылдап күлмегенде кім күледі?! «Қара жердің өлгені – қар астында қалғаны» деген осы болар, бәлкім.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018
Дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа белесі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары жоғары деңгейде өтті деп айтуға толық негіз бар. Елбасының Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуі, америкалық іскер топ өкілдерімен жолығуы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жиынға қатысуы сапардың маңызын арттырды.