Экология • 29 Қаңтар, 2021
Экология министрі «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды
Бүгін «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру процесін жандандыру туралы мәселеге нүкте қойылды. Жұмыстар алдымыздағы 1-2 айда басталады деп күтілуде. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Маңғыстау облысына жасаған сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2021
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын-жазушылармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Қостанай облысында балалар тағамын өндіретін зауыт салынады
Қостанай облысындағы «Олжа Агро» агрохолдингі балалар тағамын өндіретін зауыт пен 8 сүт фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылына 105 млн литр сүт экспорттатуға мүмкіндік беретін ілкімді жобаға шамамен 100 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалады. Бұл шамамен 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға қол жеткізбек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Алматыда қант бағасы қатаң қадағаланады
Алматы билігі экономикалық және әлеуметтік пайдалылықты ескере отырып, бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық Комиссия ұсынымының негізінде құмшекерге бір келісі үшін 254 теңге мөлшерінде белгіленген шекті қол жетімді бөлшек бағасының қолданылу мерзімін 30 күнтізбелік күннен 90 күнтізбелік күнге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 29 Қаңтар, 2021
Ақтоты Райымқұлова Алматыда шығармашылық одақ өкілдерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық кітапханада шығармашылық одақ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.