Ауқымды жоба облыс әкімдігінде өткен кеңесте пысықталды. Жиын барысында мал шаруашылығын дамытуға арналған өзге де мақсат, міндеттер айқындалды.
«Облыс мал шаруашылығындағы барлық бағыттарды дамыту үшін айтарлықтай ресурстарға, өнімді өткізу бойынша жоғары әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Бұған қол жеткізу жолдарының бірі - сүт өңдеу кешендерін құру арқылы мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру» - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Сонымен қатар, «Надеждинка» серіктестігі 800 бас сауын сиырға шақталған сүт фермасын жоспарлап отыр. Жалпы құны 3 млрд теңге болатын сүт фермасы іске қосылса, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.