Абай • 27 Қаңтар, 2020
Ел Президенті «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында хакімнің тұңғиық ойларының тереңіне бойлау, оны күллі өмірінің бағдаршамы ету қазақ халқының мәңгілігінің мәңгілік мәселесі екенін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт ұстазының 175 жылдық мерейтойы – той тойлау үшін емес, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін керектігін ұғындырды.
Руханият • 27 Қаңтар, 2020
Ұлы дала өркениетінің алтын тұғыры
Өткен ХХ ғасырдағы қазақ халқының ақыл-ой жетістігі Абай мұрасымен өлшенеді. Ол қазақтың «өз тізгіні өз қолынан кетіп», басыбайлылықтың қамытын біржола киіп, «әрекемен кеткен елдің», рухани күйрей бастаған мүшкіл халін «улы сия, ащы тілмен» ашына жазды. Қоғамдағы бар тауқыметті «алыстан сермеп, жүректен тербеп, тағына жетіп қайырды». «Іші толған у мен өрт» бола тұрса да үмітсіздікке, торығуға салынған жоқ, қайта «сыншыл реализм» шеңберін бұзып шығып, өр рухты оптимист ақынға, телегей теңіз мол білімді, ғұлама-данышпанға айналды. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» әр қияға көз салды, туған даласының даналығын әлемдік өркениеттің озық ойымен ұштастыра меңгеріп, өз «жүрегінің түбіне терең бойлады» содан тапқан «шын асылын», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысымен» халқына бере білді. Тәңірінің берген тума талантын, адамзат даналығымен нәрлендіріп «толық адам», хакім Абай болып қалыптасты. Қазақтың таусылмайтын шер-қайғысына, бойына қан жүгірткен жан жылуына, ақиқатына жүгінетін иман таразысы мен ар-ұятына, үнемі алға ұмтылдырып отыратын арман-мұратына, парасат биігіне көтерілді. Заманынан озып туып, ел-жұртының шешуі тарқатылмайтын «жұмбақ адамына» айналды. «Қалың елі, қазағы» сол жұмбақты шешу жолында дана ақын мұрасымен бір жарым ғасыр сырласып, мұңдасып келеді. Ол – жыл өткен сайын жаңа қырынан ашылып, биіктей түсетін ұлы дала өркениетінің алтын тұғыры іспеттес. Cондықтан ақыннан қалған асыл сөз оқыған сайын нұрланып, өзіне деген халық құмарын арттыра түседі. Біз Абайға қаншалықты құштарлана ден қойсақ, ұлттық рухымызды да соншалықты терең тани бастаймыз. Бүгінгі рухани жаңғырудың алтын өзегі де осы абайтануда екеніне көз жеткізе түскендейміз. Абайға біз әр кезеңде әртүрлі жолмен жанасып отырдық. Ал бүгінгі ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығы мен дара тұлғаның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында оралудың жөні бөлек.
Футбол • 27 Қаңтар, 2020
Жаңа заң Қазақстан футболына серпін бере ме?
Өткен жылдың соңында Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтарын биылдан бастап Қазақстан Премьер-лигасында легионер ретінде санамау туралы шешім қабылданған. Яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанның футболшылары біздің елде Қазақстан футболының түлегі ретінде отандастарымызбен тең дәрежеде ойнай алады.
Руханият • 27 Қаңтар, 2020
Жарты ғасырда – цирк өнері туралы қазақ тіліндегі алғашқы кітап шықты
Амандық болса, алдағы күндері Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі өзінің 50 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы дата қарсаңында алғаш рет қазақ тілінде жазылған Нұрбақыт Бокебаевтың «Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерге өнердегі танымал тұлғалар мен БАҚ өкілдері көптеп жиналып, цирк артистері салтанатты шараның сәнін асырды.
Руханият • 27 Қаңтар, 2020