Еңбек • 24 Қаңтар, 2025
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдік мұрат-мүдде қағидасын жас ұрпақ санасына сіңіре беру керек екенін баса айтты. Адал адам мұратына ақ адал еңбегімен ғана жетеді. Әділетті қоғамды таза табыс иелері ғана орната алады.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бұқаралық сипат алып, елдік іс-шараға айналды.
«Таза Қазақстан» • 24 Қаңтар, 2025
Қоршаған ортаны қорғау – өзекті мәселе
Бүгінде заманауи мемлекеттердің, адамзат қоғамының өркениет дәрежесі де дәл осы қоршаған ортаға көзқарасымен өлшенеді.
Баға • 24 Қаңтар, 2025
Азық-түлік түрлері түгел дерлік сырттан тасымалданатын Маңғыстауда бағаның аяқасты аспандап кетуі таң емес. Сондықтан әкімдік өзіміздің кәсіпкерлер арқылы сөредегі жергілікті өнім үлесін арттыруға күш салмақ. Облыс басшылығы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында жергілікті өнім өндіруші, сауда желісі және әкімдік арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Шаруашылық • 24 Қаңтар, 2025
Төрт түлік мал баққан малсақ қауымның бағымындағы бірер қараның сапасын жақсарту өзекті мәселеге айналғалы қашан. Әнебір жылдары бұл тарапта оңды өзгеріске ұмтылыс болғанымен, соңы сұйылып кеткен сыңайлы. Облыс орталығынан батысқа беттесеңіз, шамамен жиырма шақырым жерде, күре жолдың бойында орналасқан бордақылау алаңы көзге шалынар еді. Қазақы ұғымның ұңғысына сыйғызып айтар болсақ, аумағы атшаптырым жерді алып жатқан алаңда кіл күйлі қара мал бағылатын. Бұл жолы әдейілеп атбасын бұрдық.