Өнер • 25 Қаңтар, 2022
Ғажайып суреткер Жан-Антуан Гудонның ерекшелігі неде екенін білесіз бе? Француз революциясы қайраткерлерінің психологиялық портреттерін жасағанында. Бізді еліктірген де осы мінезі. Өз дәуірінің кескін-келбетін қоладан құйған қолөнер шебері уақытты айналып өтіп, құпияларды талқандады.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Алаштың білімпаз қайраткерлерінің бірі Ғазымбек Бірімжановтың суреті табылды. Мәскеудегі Петров-Разумовский атындағы ауыл шаруашылығы институтының архивінен табылған фотосурет 1917 жылы түсірілген. Алаш қайраткерінің өмірі мен мұрасын зерттеушілер Ғазымбек Бірімжан 1917 жылы Орынбор реалды училищесін бітіріп, Мәскеу қаласындағы Петров-Разумовский атындағы университетке құжаттарын тапсырған, бұл сурет сонда түсірілсе керек деп болжап отыр.
Сұхбат • 25 Қаңтар, 2022
Төрт тұлғаға перзент болу – тағдырдың сыйы
Адам баласына ата-ананы таңдау мүмкіндігі берілмеген. Қай әкенің кіндігінен өрбіп, қай ананың құрсағына бітеріміз бір Аллаға ғана аян. Десе де, құдіреті күшті Құдайдың назары түскен пендесін ұлыларға ұрпақ етіп, елден ерекшелейтіні және бар. Бұған бүгінгі кейіпкеріміз Мақпал МУСИНАНЫҢ тағдыр-талайы дәлел.
Әдебиет • 25 Қаңтар, 2022
Жазушы шындығы немесе ол кейіпкердің прототипі кім?
Жазушының басты тақырыбы – адам һәм адамның жаны. Әдебиеттің «әділетсіз» заңдылығы да сол: шығарманың бағы кейіпкердің көркем жазудағы бейнесі мен болмысына, ішкі жан дүниесінің суреттелуіне, мінезіне, шынайылығына байланысты. Әр қаламгердің жазушылық қуаты кейіпкерінен білінеді. Яғни шығармадағы образ – кейбір автордың осал тұсы болса, кейбірінің талантын дәлелдейтін өлшем сынды. Сол үшін де жазушы қауым әрқашан шығармашылық ізденісте жүреді: қым-қуыт тіршілікте кейіпкер іздейді. Ал көп жағдайда кез келген қаламгердің кейіпкерінде өзінің өмірі бейнеленетіні екібастан. Әлқисса.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі азамат ұсталды
Қазақстанның антитеррористік орталығының мәліметінше, Қызылордада жаппай тәртіпсіздіктер мен күштік құрылымдар қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.