Шаруашылық • 24 Қаңтар, 2025
Қаңтар айы қарсыз өтіп жатқан Түркістан өңірінің оңтүстік аумағында дала жұмыстары ерте басталады. Бір алқаптан екі-үш өнім жинауды мақсат еткен диқандардың қаңтардағы қарбаласына көз үйренген. Дала жұмыстарының ауқымы ақпанда ұлғая түседі. Осы орайда облыста көктемгі дала жұмыстарына дайындықты сапалы жүргізуге ерекше мән беріліп отыр.
Сұхбат • 24 Қаңтар, 2025
Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын: Өткеннен қалған өнеге – жанға демеу
Айналасындағылар оны ақ адал пейілі мен тап-таза жүрегі үшін ерекше жақсы көреді. Көңілінің көшірмесіндей мөлдір өлеңдері оқырманның жанына жарық құйып, жадында жатталып қалады. Алайда дәл осы жарқын бейненің жан түкпірінде қайғы тұңғиығына тартып әкете жаздаған шер де, шемен де жоқ емес. Иә, ақын әрі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазының өнермен өрілген өмір жолынан алатын өнеге көп.
Таным • 24 Қаңтар, 2025
АҚШ-та «General Atomics Electromagnetic Systems» компаниясы ғарыш ядро қозғалтқышына арналған отынды сәтті сынақтан өткізді.
Руханият • 24 Қаңтар, 2025
«Мен бір жұмбақ адаммын» деп хакім Абайдың өзі айтыпты. ХХ ғасырда туған Тәкен Әлімқұловтың абайтануға қатысты соқталы еңбегі де «Жұмбақ жан» аталыпты. Бір жоқты бір жоқ табады дегендей, сіз жұмбақтың сырын жұмбақ ашады дегенге қалай қарайсыз? Абай әлемін оқытқан өз алдына, сөзжұмбақ, ребус сынды ойландыратын дүниелер арқылы ынтасын оятса қайтер екен? Баланың ынта-ықыласын оятарға бұл да бір көмекші құрал емес пе? Оған Абай әлеміне бастайтын матаусөз (кроссворд), бағдарсөз (сканворд), сөзден сөз (анаграмма), сан сөз (криптограмма), тізбесөз (чайнворд) қайда дайын тұрған деуіңіз де мүмкін ғой. Бар, тіпті жеткілікті. Тұтас Абай әлеміне жетелеп, ойландыратын сөзжұмбақтардың неше атасы топтастырылған кітаптар кімді болсын бейжай қалдырмауға тиіс. Алайда авторы осы дүниелері ел арасына таралса, «бәлкім оқырмандар қажетіне жаратар ма еді?» дейді.
Талбесік • 24 Қаңтар, 2025
Жағалтай (Falco subbuteo) – өз алдына біртекті құс. Оның жаратылысы лашынға ұқсайды. Бірақ лашыннан кішірек. Түс-реңіне байланысты: қара жағалтай, құба жағалтай, сұр жағалтай деп бөлінеді.