Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019
Маңғыстауда «Protecting Business and investments» жобасы аясында кәсіпкерлерден 29 өтініш түскен
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Protecting Business and investments» жобасы аясында отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Агенттіктің аумақтық департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ербол Жұмабай мәлімдеді.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиев ауылында ІТ сынып ашылды
Алматы облысының мектептерінде ІТ сынып, coworking-орталықтар мен робот техникасы кабинеттері көптеп ашылып жатқанын үнемі жазып келеміз. Жалпы, Жетісу жерінде балаларға арналған осындай оқу орталығының саны көбейіп, алдағы 2 жылда 62 ІТ сынып сынып пен робот техникасына арналған 19 кабинет іске қосылмақ.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019
Саран қаласында жаңа күн электр стансасы іске қосылды
Қарағанды облысының өнеркәсіптік орталығында - Саран қаласында, Орталық Азиядағы ең ірі қуаты 100 МВт бар «SES Saran» күн электр стансасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қостанайда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы чемпионат басталды
Қостанайда ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды. Чемпионат 28 қаңтарға дейін жалғасады деп жазады Olympic.kz.
Петропавл ЖЭО-ы жаңғырту жұмыстарына 45 миллиард теңге жұмсады
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Петропавл №2 жылу электр орталығында болып, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету барысымен танысты.