Атап айтқанда, 2018 жылдың 15 маусымында, 2 тамызында және 20 қыркүйегінде «Маңғыстау облысындағы инвестициялық хал-ахуал: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері» атты тақырыпта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы инвесторлар форумы ұйымдастырылды.
Аталған шараға арнайы мониторинг тобының, кәсіпкерлер палатасының, «Казах Инвест» АҚ, облыстағы шетел компанияларының өкілдері кең көлемде қатысты. Инвесторларға Агенттіктің «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жаңа жобасы таныстырылып, шетел компаниялары бұл жоба аясында ынтымақтастыққа шақырылды. Сонымен бірге жоба аясында «Казах Инвест» АҚ негізінде «Protecting Business and investments» фронт-офисі ашылды.
Жоба шеңберінде 17 компания, оның ішінде 8 шетелдік және 9 отандық кәсіпорындар келісімге қосылып, жалпы сомасы 412,31 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, шетелдік компаниялар қатарында әзірбайжандық «Актау Энергомаш» ЖШС және «Semurg Invest» ЖШС, сингапурлық «Топан Chemical» ЖШС, түркия мен германиялық бірлескен «Satex Chemie» ЖШС, үндістандық «South Caspian Operating Company» Siva Swati Textiles Pvt. Ltd» бірлескен кәсіпорны, қытайлық «Safbon Beltway Concortium» компаниясы, германиялық «САГА Аташ» ЖШС және түркиялық «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ бар. Ал отандық компаниялардың қатарында «Домостроительный комбинат Актау» ЖШС, «Город мастеров ИП Битнер А.В.», «Kazakh Production Group» ЖШС, «Естурлиева Л.» жеке кәсіпкер, «ХазарМунайГазКурылыс» ЖШС, «Собко» жеке кәсіпкері, «Tastai» ЖШС, «Batys Invest Group» жеке кәсіпкері және «West Commerce Trade» ЖШС бар.
Жалпы саны 29 шағым түсіп, 27 шағым бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, 2 өтініш әлі қаралуда.
Мысал ретінде, «Protecting Business and investments» жобасы аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында «Город мастеров ИП Битнер А.В.» жеке кәсіпкерінің жиhаз фабрикасына газ дәлізін жолға қою және визуалды жарнама баннерлерінің эскиздерін келісу мәселелері бойынша өңірлік фронт-офиске шағым түскен болатын.
Аумақтық департаменттің шұғыл әрекет етуінің нәтижесінде кәсіпкердің шағымданған екі мәселесі де оң шешімін тапты.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы