Сұхбат • 24 Қаңтар, 2024
Төлеген Оспанқұлов: Құқығы қорғалған қызметкердің қадірі биік
Еңбекқор адам – қоғамның құты. Ал қоғамның құты қашпауы үшін жұмыс күші лайықты бағаланып, еңбек құқығы тиісті деңгейде қорғалып, кісі ақысының желінуіне жол берілмеуі керек. Осылайша, әділет салтанат құрған ортада еңбек адамының абыройы биік болатыны анық. Бұл межеге жету – қашаннан мемлекет мүддесі. Аталған бағытты ілгерілету ісі қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловпен сұхбат құрдық.
Экология • 24 Қаңтар, 2024
Алматы әлемдегі ең жойқын жер сілкінісі болатын аймақтар тізімінде – эколог
Белгілі эколог Мэлс Елеусізов Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікірін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қаңтар, 2024
Жан мен тәнді баптаудың ең ләззатты әрі арзан түрі – таңғы серуен – психолог
Жылы төсектен жылыстап, тәтті ұйқыны тәрк ету көп адамдар үшін оңай болмауы мүмкін. Алайда таң алагеуімнен тұрып, таза ауада серуендеу – талай дерттің таптырмас емі. Осы бір істі өмірлік дағдыға айналдырған жанның тәні мен жаны ұшан теңіз пайдаға кенеледі.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Спорттық медицинаның мүмкіндігін молайту – маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта Қарағандыда тоқсаныншы жылдары жабылып қалған диспансер былтыр қайта ашылып, қызметін әрі қарай жалғады. Бұған дейін жарақат алған спортшыларымыз Алматыдан ем-дом алып, қатынап жүрген еді. Енді саңлақтарымыздың деніне шипа диспансер ел ішінде, Қарағандыда бар.
Университет • 24 Қаңтар, 2024
Менделеев университетінің өкілдігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік беделді жоғары оқу орындарының өкілдігін ашу туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің өкілдігі ашылып, ғылыми әріптестіктің іргетасы қаланды.