Аймақтар • 30 Қазан, 2024
Тиімсіз жұмсалған қаржы, сапасыз жол
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жемқорлық фактісін анықтау мақсатында орман пайдалану, спорт, әлеуметтік қорғау, энергетика, жол құрылысы салаларының биылғы 9 айдағы жұмысына 5 рет сыртқы талдау жүргізіпті. Бұл туралы аталған департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов хабарлады.
Білім • 30 Қазан, 2024
Қосымша білім: саны мен сапасы қалай?
Кейінгі жылдары ел өңірлерінде қосымша білім беру орталықтары көп ашылып жатыр. Бірақ «finprom.kz» сарапшылары статистика мен аймақтық ерекшеліктерге назар аудару қажеттігін алға тартып отыр. Мысалы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда мұндай орталықтар саны республикалық орташа көрсеткіштен екі есеге артық болса, халқы өте тығыз орналасқан Алматы, Түркістан, Жетісу облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында көрсеткіш өте төмен. Осылайша елімізде мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту 29 пайызды құрайды. Ал білім мен мәдениет ошағы саналатын Алматының өзінде мұндай орталықтарға баратын балалар саны 10 пайыздан сәл ғана асады.
Мирас • 30 Қазан, 2024
АҚШ зерттеуіндегі қазақ қолөнері
Өркениеттің бір өзегі ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары екенін қарт тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп үлгерді. Ежелгі заманда әр халық ой-санасының күшімен, ақыл-парасатының көмегімен хал-қадерінше рухани ұмтылыс жасап, мәдениет қалыптастыруға ниеттенді. Соның нәтижесінде, әлемді өзгерткен жаңа дүниелер жарыққа шықты. Атарбадан әуеге көтерілген алып құсқа дейін (ұшақ) адамзат баласының қаншама ақыл-ойы жұмсалғанын зерделеудің өзі үлкен еңбекті қажет етері анық.
Білім • 30 Қазан, 2024
Астана қаласында жас ұрпақты заманға сай біліммен сусындатып, ұлттық тәрбиеге баулитын «Sun study» атты орталық ашылды. Алаш арысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» атты өлеңін ұран етіп алған «Sun study» балаларды дамыту орталығының ашылу салтанатына елімізге белгілі ұстаздар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен мемлекет қайраткерлері қатысты.
Үкімет • 30 Қазан, 2024
Республикалық бюджет жобасын қарады
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын қарады.