Руханият • 23 Қазан, 2019
Қазақ ғылымында зерттеушісін теңіз түбінен інжу-маржан сүздіргендей қымбат қазынаға кенелте беретін бір тақырып болса, ол – Алаш тақырыбы. ХХ ғасырдың басында Алашорда өкіметін құрған алашшыл азаматтардың ұлтқа сіңірген орасан еңбегін қай қырынан зерттесең де құнарлы, мазмұнды болуының, індеткен сайын сарқылмауының себебін тікелей ұлт мұратымен, ұлттық мүддемен байланыстыра қараймыз.
Қоғам • 23 Қазан, 2019
Азаматты ардақтау, өнер иелерін өрелі сөзбен өз биігіне шығару қазақ халқына бірден-бір жарасатын жақсы мінез. Жақсының жақсылығын айту – жазылмаған заңдылық. Бұл ретте белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы және Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмағали Жөкейұлы Наурызбай есімін ерекше атауға болады. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының алғашқы кәсіби Парламент депутаты Жұмағали Жөкейұлы бүгінгі таңда жетпіс жасқа толып отыр. Мерейлі күнде айтулы азамат жайлы азырақ сыр шерте кетуге болады.
Руханият • 23 Қазан, 2019
ХХ ғасырдың басында Орынборда Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің органы болып шыққан бүгінгі «Egemen Qazaqstan» газеті ата жасқа келді. Аты сегіз рет өзгеріп, жасы жүзге толды. Жұрт одан үнемі байсалды пікір, салиқалы сөз күтеді. Өйткені публицистиканың бұрынғы стилінде сырттай баяндау басым болса, қазір ол терең талдауға бет түзеді. Қай мәселені алса да байыптап, зерттеп жазатын жол ашты. Бұл – жақсы. Заманның жаңа игі нышаны. Оның үстіне қазір журналистер біршама жалтақтамайтын, танымын тура айта алатын мінез тапты.
Аймақтар • 23 Қазан, 2019
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары туралы көптеген жазбаларда кездеседі. Ертеде Тараздың ірі сауда орталығы, көпестер қаласы болғаны да көпшілікті қызықтырады. Осы орайда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Көне шаһардағы мың бір түн» атты «Музей түні» өтті. Шара аясында көне Тараздың тарихынан тағылым беретін театрландырылған көріністер қойылып, оны үш мыңнан астам көрермен тамашалады.
Қоғам • 23 Қазан, 2019
Әлі күнге дейін қоғамдық өміріміздің барлық саласында күнделікті қолданыс құралы бола алмай отырған қазақ тілінің бүгінгі жағдайы қай-қайсымызға да жақсы мәлім. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді», деп мәлімдеуі алдағы жылдар кезеңіне жаңа міндеттер жүктегені рас. Елімізде ғылым, білім, бизнес, медиа сынды алпауыт сала мамандары бас қосып, тұңғыш рет Тіл форумын өткізбек.