Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егемен мемлекетімізге де қызмет етіп келеді
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Зерендіде кооператив зауыттарға 500 тонна сүт тапсырды
Биыл наурыз айында Ақмола облысында құрылған «Әлихан-Әмір» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өндіруші кәсіпорындарға күніне 2,5 тонна сүт жеткізіп тұрады. Жазғы айларда тапсырылатын өнімнің күнделікті көлемі 7-8 тоннаға жететін, деп хабарлайды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.
Әдебиет • 18 Қазан, 2017
Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбиіне көшу – бұл жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады. Ендігі жұмыс – халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білу
Театр • 18 Қазан, 2017
Астаналық орыс драма театры І «Synergy» фестиваліне қатысты
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Сербияда І «Synergy #WTF» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Елордалық театр ұжымы көрермендер назарына өз репертуарындағы үздік спектакльдердің бірі – «Манкурт. Вечный раб» мистериясын ұсынды. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Сөгетіде Сағыныш Есбергеновке ескерткіш орнатылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге» қатысты кемел ойы әр қазақтың санасына сәуле түсіріп, ата-баба жұртына бет бұрғызды. Біздің де атамекенімізде сондай бір игілікті іс атқарылды. Ол осыдан алпыс жылға таяу уақыт бұрын құла дүзден ірге көтерген, дәулеті мен сәулеті тең түскен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Сөгеті» елді мекенінде болды. Нақтылай түссек «Сөгеті» совхозының негізін қалап, отыз жыл басшылық жасаған, ауылдың төрт құбыласын түгендеген Сағыныш Есбергеновке еңселі ескерткіш орнатылды.