Теннис • 19 Қазан, 2023
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан «ATP 250» санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Көрме • 19 Қазан, 2023
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында жас қылқалам шебері Екатерина Артемьеваның жеке көрмесі ашылды. Ашылу рәсіміне жергілікті зиялы қауым өкілдері, студенттер мен көркемсурет мектебінің шәкірттері қатысты.
Спорт • 19 Қазан, 2023
Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді
Астана қаласында 21 қазан – 4 қараша аралығында бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Қытай нарығын зерттеген кәсіпкер Қазақстанда қандай зауыт ашса табысты болатынын айтты
Бақтияр Өсербекұлы – кәсіпкер. Ол бұған дейін техникалық жөндеу орталығында (ТЖО) механик болған. Осы саланы тереңдей зерттеп өзі техникалық жөндеу орталығын бір қаладан ашқан. Іздену мен еңбекті қабат өрбітіп үш жылда жеті қаладан техникалық жөндеу орталығының санын 460-қа жеткізген. Аз адамның күшімен орасан өнім өндіру қағидасымен еңбек ететін кәсіпкер бұл күнде Қытайдағы шағын өндіріс орталықтарын зерттеп жүр. Жуырда осы елдің даму үдерісін бағамдап қайтқан маманмен тілдесудің сәті түсті.
Оқиға • 19 Қазан, 2023
Аланиядағы ажал трассасы: Түркияның туристік қаласында 3 айда 6 отандасымыз қаза тапты
Соңғы үш айда Түркияның Алания қаласында 6 отандасымыз жол апатына ұшырап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.