Әдебиет • 20 Қазан, 2018
Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының мәжіліс залында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан 2017 жылы институт атқарған жұмыс түрлері мен нәтижелері және институттың осы жылғы жоспары жайында жұртшылық алдында жария есеп беру жиынын өткізді.
Өнер • 20 Қазан, 2018
Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті
Қызылордада А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде алғаш рет «Қорқыт. Қобыз» атты қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың республикалық байқауы өтті.
Әлем • 20 Қазан, 2018
Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды
Ауғанстанның Кандагар өңірінде қайғылы оқиғадан кейін парламенттік сайлау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды euronews.com
Аймақтар • 20 Қазан, 2018
Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды
Құтқарушылар мерекесі қарсаңыңда салтанатты түрде ашылған Еске алу монументі Ақтау қаласын қорғауға арналған №1 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағына қойылды. Салтанатты жиынға қызметкерлер, азаматтық қорғау ардагерлері мен қалалық билік өкілдері, қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары қатысты.
Білім • 20 Қазан, 2018
Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингі өтті.